Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Маусымдық инфекциялар

Маусымдық инфекциялар

03 Шілде 2019

03.04.2019 жылғы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында медициналық қызметкерлерді оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру туралы №2 – ПГВр Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын жүзеге асыру аясында 21.06.2019ж.  «Энтеровирусты инфекцияның, ЖІИ және менингококкты инфекцияның диагностикасы мен емі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – инфекционды аурулары бар науқастардың диагностикасы мен емін жетілдіру. Семинарға  Қарағанды облысының емханалары жанындағы шұғыл жәрдем дәрігерлері, инфекционист дәрігерлер, қабылдау-диагностикалық бөлімшелерінің қызметкерлері, аймақтық және мектеп дәрігерлері, медбикелер қатысты.

  Ұсынылған тақырыптың өзектілігі жылдың жаз мезгілінде (маусым – тамыз) энтеровирустық және ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың бірнеше есе өсуіне байланысты. Өңірде менингококтық инфекция мәселелері бойынша да ауыр жағдай сақталуда.

  Конференция бағдарламасы өте кең және бірнеше бағытта жүргізілді: жедел ішек инфекциялары, оның ішінде энтеровирустық және менингококтық инфекция.

Көп жылдық жеке бақылауларға негізделе отырып, әдеби мәліметтерді талдай отырып, РҒА академигі, м.ғ.д., профессор Р.Х. Бегайдарова екі тақырыпты талқылады: «Балаларға менингокококк инфекциясын диагностикалау және медициналық көмек көрсету ерекшеліктері» және «Балалардағы ЖІИ. Секреторлы және инвазивті диарея. Эксикозбен болатын токсикоз». Осы ретте диагностика мен емдеу тәсілдерінің қыр-сырын ашып, тереңінен талдау жүргізілді.

  Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Е.С Жүнісов менингокококк инфекциясының генерализацияланған түрлері кезінде шұғыл терапияның тәсілдерін толығымен баяндап берді.

  Энтеровирустық инфекциялардың маусымдық аурушаңдығын ескере отырып, профессор Ю.Г. Стариковтың «Балалардағы энтеровирустық инфекцияның клиникасы, дифференциалды диагностикасы, емі» атты қызықты және уақытылы баяндамасы ұсынылды.

  Дәрігер-бактериолог Н.А. Мельникованың баяндамасы менингококкты инфекцияға күдікті зертханалық материалды іріктеу және жеткізу ережелеріне арналды.

  Семинар соңында дәрігерлер тақырыптарды белсенді талқылап, қызықтырған сұрақтар қойып, баяндамашылардан толық жауаптар алды.

  Іс-шара соңында практикалық денсаулық сақтау өкілдері баяндамашыларға өте қызықты және жан-жақты хабарламалары үшін алғыс айтып, ғылым мен тәжірибенің одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

  Р.Х. Бегайдарова  академик РҒА, м.ғ.д.,

   эпидемиология және жұқпалы

  аурулар кафедрасының профессоры

 

  Ю.Г. Стариков  эпидемиология және жұқпалы

  аурулар кафедрасының профессоры       


0
2245

пікірлер

пікір қалдыру үшін.