Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Онкогематологияның жаңа диагностикалау және емдеу тәсілдерін меңгерді

Онкогематологияның жаңа диагностикалау және емдеу тәсілдерін меңгерді

02 Шілде 2019

27.05 пен 07.06.19ж. аралығында  «Гематология» мамандығының I курс резиденттері академиялық  ұтқырлық жүйесімен Алматы қаласындағы Қазақ  үздіксіз білім беру университетінде, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты базасында білім алды (гематология курсының меңгерушісі, м.ғ.д., Р.М.Рамазанова). Резиденттер ҚазҰОРҒЗИ-ның  гемобластоз бөлімшесінде жұмыс атқарды (бөлім меңгерушісі, жоғары дәрежелі дәрігер гематолог С.Т. Габбасова), бағаналы жасушалар аутотрансплантациясы процедурасын өткізуге тікелей ат салысты. Цитологиялық және морфологиялық зерттеу орталығында, сәулелі диагностика орталығында гемобластоздардың диагностикасы кезіндегі қазіргі заманға сай зерттеу әдістерімен танысты, бейінді науқастардың иммунофенотиптік және цитогенетикалық зерттеулерінің, позитронды эмиссиялы томография нәтижиелерін талдады.

Резиденттер «Қазақстандық онкогематологтар қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткізілген лимфопролиферативтік ауруларды емдеудегі жаңа тәсілдерге араналған мастер-классқа қатысты.

КеАҚ «ҚМУ» Басқарма Төрағасы – Ректор Р.С. Досмағамбетоваға, басқарма мүшесі, академиялық ұтқырлық және жастар ісі бойынша проректор, м.ғ.д. С.Т. Досхожаеваға, КеАҚ «ҚМУ» №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры Л.Г. Тургуноваға, ҚазҮББМУ гематология курсының меңгерушісі, м.ғ.д., Р.М. Рамазановаға онкогематология саласындағы жаңа емдеу және диагностика әдістерін біліп, тәжірибе жинауға мүмкіндік бергені үшін үлкен  алғысымызды білдіреміз.

 

А.А. Бахытжанова, Т.М. Марғұлан, И.В. Механцева, М.С. Сәулебекова «Гематология»  мамандығының 1 курс резиденттері.


0
2542

пікірлер

пікір қалдыру үшін.