Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан»

«Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан»

01 Шілде 2019

2019 жылдың 18-28 маусым аралығында КеАҚ Қарағанды медицина университетінің Білім беру технологиялары трансферті орталығы базасында, биология кафедрасымен  «Ботаника» пәні бойынша «Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізілді.

Бұл мастер-кластың өзектілігі жоғары оқу орындарының барлық оқытушылары объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан өткізу дағдыларын меңгермеген. Оқытушыларға жоғарыда көрсетілген емтиханның өткізілу кезеңдерін, мазмұнды бөлігін көрсете отырып, оны қолдану бойынша тәжірибелік дағдылар берілді.

Мастер-класс зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру аясында өткізілді. Тыңдаушылар контингентін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Қарағанды медицина университетінің оқытушылары толықтырды.

ҚМУ-нің биология кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Б.Т. Есильбаева және Б.Н. Дюсенбекова заманауи ботаниканың өзекті мәселелері бойынша материалдарды ұсынып, оқытудың белсенді түрлерін қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар, пікірталастар, тренингтер өткізілді.

Оқытудың соңғы күнінде қатысушылар қорытынды жасап, пікір алмасты және сертификат алды. 


0
2311

пікірлер

пікір қалдыру үшін.