Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пуатье университетімен (Франция) ынтымақтастықты кеңейту

Пуатье университетімен (Франция) ынтымақтастықты кеңейту

28 Маусым 2019

2017 жылдың 25-28 маусым аралығында Пуатье университетінің (Франция) профессоры Поль Сеит, Бриджит Ванние және Тьерри Берге Қарағанды медициналық университетінде келген болатын.

Сапардың негізгі мақсаты ҚМУ-нің PhD докторантура бағдарламасының студенттері: Д. Окасовпен («Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының PhD докторанты), Д. Амановамен («Медицина» мамандығының PhD докторанты) кездесу және олардың жетекшілерімен, профессор Е.М. Тургунов және С.А. Ивасенкомен докторанттардың ғылыми жұмыстарын және алдағы жұмыс жоспарын талқылау болып табылатын.

Сондай-ақ, француздық әріптестер екі күн аралығында ҚМУ-нің басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құраммен «Биология» мамандығы бойынша екі дипломдық магистратура бірлескен білім беру бағдарламасының жасау мәселесін талқылады. Кездесуде магистратураның негізгі бағыттары, оның Пуатье университеті мен ҚМУ-дағы білім беру бағдарламасы таныстырылды, болашақ бірлескен білім беру бағдарламасының құрылымы талқыланды.

Еске сала кетсек, Қарағанды медицина университеті 2014 жылдан бастап Пуатье университетімен тығыз ынтымақтастықта. Профессор Поль Сеит пен Бриджит Ванниемен ынтымақтастық Erasmus Mundus CASEU жобасының бөлігі ретінде 2016 жылы басталды. Осы кезең аралығында Пуатье университетінің биология кафедрасында «Биология» мамандығының магистранты Ерубай Айдана оқыды, Абай-Верн шәкірақысының шеңберінде PhD докторант Окасов Дидар оқып жатыр және «Биология» мамандығы бойынша үш магистрант және 5 профессор молекулалық биология және биоинформатика әдістері бойынша 10 күндік тәжірибеден өтті. 2018 жылы бір ай бойы информатика және биостатистика кафедрасының доценті Марина Сорокина және биологиялық химия кафедрасының доценті Евгения Колесникова биоинформатика саласында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Өз кезегінде профессор Поль Сеит және профессор Бриджит Ванние бірнеше рет Қарағанды медицина университетіне биология, генетика және биоинформатика бойынша лекциялар, семинарлар мен мастер-класстар өткізді.

Пуатье университетімен одан әрі ынтымақтастық жалғасатынына үміттенеміз!


0
3534

пікірлер

пікір қалдыру үшін.