Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Испаниядан келген профессор – гистологияда

Испаниядан келген профессор – гистологияда

24 Маусым 2019

2019 жылдың 27 мамырынан 31 мамыр арлығында Кадис Университетінің (Испания) профессоры Хосе Мария Лопес – Сеперо стратегиялық әріптестік аумағында «ҚМУ» ға келді.  

  Осы уақыт аралығында профессор морфология және физиология кафедрасына келіп, профессор – оқытушылар құрамымен танысып оқу бағдарламасын талқылады.

  Хосе Мария Лопес – Сеперо  «Ашық қолданыстағы бағдарламаны қолдана отырып, суреттерді талдау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен кейін Кадис Университетінде морфологияның дамуы жайлы әңгімеледі.

  Екінші дәріс «Суреттерді сандық тұрғыдан талдаудың стратегиялары мен хаттамалары» тақырыбында болды. Ол  ImageJ[FIJI] бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы айтып таныстырды. Кафедра қызметкерлерінің сұранысы бойынша бағдарламаның жұмыс жасау мақсаттарын ашу ретінде тәжірбиелік сабақ жүргізді.

  Дәрістен бөлек тәжірбиелік курстар жүргізілді: «Гистопaтологияның хирургиядағы арнайы жедел әдістері», «Tәжірбие жасау және тышқандардың эмбриондарын алу және зерттеу әдістері», «Жартылай жұқа кесінділерді гликолметахрилатпен өңдеу», «Cеметаиндік кесінділерді дайындау әдістері», «Мұздатылған криостаттық кесінділерді дайындау».Материалдың жарты бөлігі бізге таныс болды, мысалы біз эмбриондарды алу әдісін білеміз.

  Морфология және физиология кафедрасының қызметкерлері алыс шет елден келген гистолог оқытушымен тығыз байланыста жұмыс жасап, біздегі зерттеу жұмыстарының сапасын шет елдегі зерттеу жұмыстарының сапасымен салыстырды. Профессoрдың айтқан мәліметтерінің көбісі бізге таныс. Мысалы күміс әдісі біздің кафедрада он жылдам астам қолданылып келеді. Бірақ иммунофлюоресценцииді қолдану, материалдарды өңдеу, элeктронды микроскопияларды заманауи қолдану тәсілдерімен танысу.

  Біздің қызметкерлер мен студенттерге ImageJ[FIJI] бағдарламасын қолданудың жаңа тәсілдері түсіндірілді.

  Біздің кафедрада микропрепараттарда анализ суреттерін көруге қолдануға болады. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарын пайдалануға болады.

  Профессор Хосе Мария Лопес – Сеперо орыс тілінде  еркін сөйлеп, кафедрада өзі жайлы жақсы естеліктер қалдырды, ол тек өзін ғалым ретінде емес, сонымен қатар көңілді, мейірімді, кісі ретінде көрсетті.

Морфология және физиология

 кафедрасының профессоры

(гистология бөлімі)  Г.У. Жанайдарова


0
2386

пікірлер

пікір қалдыру үшін.