Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер мен оқытушылар үшін дәрістер

Студенттер мен оқытушылар үшін дәрістер

11 Маусым 2019

Академиялық ұтқырлық- Болон Декларациясының негізгі принциптерінің бірі және халықаралық қызметтің маңызды бағыттарының бірі ретінде білім беру сапасын  ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, университеттің сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарын орнатуға ықпал етеді. 

Академиялық бағдарламасы аясында 2019 жылдың 24 мамыр айынан бастап 30 мамыр  аралығында КеАҚ ҚМУ, №1 Жалпы дәрігерлік тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Омарқұлов Бауыржан Кәденұлы "Отбасылық медицина" пәні бойынша Абу Әли Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің медицина факультетінің 5 курс студенттеріне сабақ өткізді және №1 Отбасылық медицина кафедрасының жұмысымен танысты (м.ғ.д. кафедра меңгерушісі, профессор Д. А. Қадырова).

Тақырыптық жоспар мен сабақ кестесі бойынша 6 күн ішінде күнделікті лекциялық және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Кафедра оқытушылары мен студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырған кардиологияның өзекті мәселелері бойынша пульмонологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық және тақырыптық медицина бойынша проблемалық дәріс өткізілді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Б.К. Омарқұлов ТММУ №1 Отбасылық медицина кафедрасының клиникалық базасы болып табылатын Душанбе қаласындағы №2 және №10 Денсаулық орталықтарына барып, медициналық ұйымдардың жұмысымен, отбасылық дәрігерлер мен отбасылық медбикелердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Тәжікстанның Отбасылық медицина бойынша ұлттық жаттықтырушыларымен (Р. Расулов, Д. Рахимова) кездесіп, ана қауіпсіздігі және БЖАБЖ бағдарламасын енгізу мәселелері талқыланды.

2019 жылы 24 мамыр айында Б.К. Омарқұлов «Онкология» мамандығы бойынша ТММУ диссертациялық кеңесінің отырысына қатысты.

Осылайша, академиялық мобильділік ПОҚ-ның жеке дамуы үшін маңызды, ол әралуандықты құрметтеуге тәрбиелейді және мәдени байытуға мүмкіндік береді.

М.ғ.к. кафедра меңгерушісі, профессор Б.К.Омарқұлов 


0
2634

пікірлер

пікір қалдыру үшін.