Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Неврология жаңалықтары

Неврология жаңалықтары

10 Маусым 2019

Алматы қаласында 2019 жылдың 24-25 мамыр күндері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҒМУ жүйке аурулары кафедрасының 85 жылдығына арналған «Клиникалық, эксперименттік неврологияның, нейрофизиологияның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция аясында нерв ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері бойынша, церебральды инсульт, балалардың церебральды сал ауруы, тұқым қуалайтын, дегенеративті және демиелинизацияланған жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастарды оңалту әдістерін жетілдіру, перифериялық нерв жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастарды емдеуді оңтайландыру бойынша мастер-класстар, сателлиттер өткізілді.

"ҚМУ" КеАҚ базасында "Медикаментозды емес оңалтудың заманауи әдістері: мүмкіндіктер мен шындықтары" атты баяндамамен профессор Т. Т. Киспаева сөз сөйледі, ол "ҚМУ" КеАҚ базасында нерв жүйесі ауруларымен ауыратын (транслингвальді ынталандыру, транскраниальды магнитті ынталандыру, БОС-ЭЭГ және т.б.) науқастардың заманауи медикаментозды емес терапиясының мүмкіндіктерін ұсынды.


0
2507

пікірлер

пікір қалдыру үшін.