Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дипломдық жұмыстың сәтті қорғалуы

Дипломдық жұмыстың сәтті қорғалуы

03 Маусым 2019

2019 жылдың 14, 17, 25 мамырында «Биология» мамандығы бакалавриатының түлектерінің дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті. Аттестаттау комиссияның отырысына Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Тұрлыбекова Гүлжазира Қантарбайқызы, төрайым орынбасары Қарағанды медицина университетінің микробиология кафедрасының зерттеуші профессоры, м.ғ.к., Ахметова Сауле Балтабаевна және комиссия мүшелері қатысты. 

Бітірушілер Биология және Клиникалық имунология, аллергология және микробиология кафедра оқытушыларының жетекшілігімен жүргізілген, мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерімен жоғары бағаланған өз зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. 

«Биология» мамандығының түлектерін дипломды сәтті қорғаумен құттықтаймыз және олардың жұмысына табыстар тілейміз!

0
2378

пікірлер

пікір қалдыру үшін.