Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шуақты Ташкенттен сәлем

Шуақты Ташкенттен сәлем

03 Маусым 2019

2019 жылдың 13 мамыры мен 25 мамыры аралығында академиялық ұтқырлық аясында мен, Бибекова Жазира Бектурсыновна, Ташкент педиатрия медицина университетінің психиатрия, наркология, балалар психиатриясы, медициналық психология мен психиатрия кафедрасының 5-курс студенттеріне жалпы мен жеке психопатология бойынша дәрістерді оқып, тәжірибелік сабақтарды өткіздім. Кафедраның оқу, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен таныстым. 

Педиатрия факультетінің 5 курс студенттерін "Психиатрия" пәнінен емтихан қабылдауына қатыстым. Кафедра отырыстарына қатысып, Қазақстан Республикасында психиатриялық көмектің ұйымдастыру принциптерімен және "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ оқу мен білім беру сұрақтарымен таныстырдым. Сонымен қатар, 13-14 мамыр күні өткен Израиль - Өзбекстан симпозиумына қатыстым. Ташкенттің Қалалық клиникалық психиатрия ауруханасының, қалалық балалар психоневрологиялық орталығының құрылымы мен психиатриялық көмектің ұйымдастыру принциптерімен танысып, Республикалық наркология орталығына барып қайттым. Ташкент қаласының №1 Қалалық психиатрия диспансері базасында 2019 жылдың 18 мамырында өткен Психиатрия, наркология, балалар психиатриясы, медициналық психология мен психиатрия кафедрасының магистранттарының диссертацияларының алдын ала қорғауына қатыстым. Бос уақытымда қаланың көрнекі жерлерін аралап, жергілікті тамағының дәмін татып көрдім.


Мен ТашПМИ Психиатрия, наркология, балалар психиатриясы, медициналық психология мен психиатрия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доценті  В.К. Абдуллаеваға, ассистенттеріА.А. Матвееваға, Ш.К. Сулеймановке және басқа да әріптестеріме жылы қарсы алғаны және жан-жақты көмек көрсеткені үшін ризалығымды білдіремін


0
3072

пікірлер

пікір қалдыру үшін.