Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейіргер ісінің инновациялық әлеуеті туралы

Мейіргер ісінің инновациялық әлеуеті туралы

28 Мамыр 2019

23-24 мамырда Назарбаев Университетінің медицина мектебінде «ProInCa - Денсаулық сақтау саласындағы реформа аясында мейіргер ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін дамыту» жобасының шеңберінде «Институционалдық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы мейіргер ісін дамыту» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияға жүзден астам университеттердің, жоғары медициналық колледждер, колледждер өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ДСДРО, Денсаулық сақтау министрлігі, халықаралық мейірбике ассоциациялары және шетелдік Финляндия, Нидерланды және Словенияның жоба серіктестері қатысты.

Қарағанды медицина университетінен, жобаның жұмыс пакеті мүшелері, ректордың кеңесшісі В. Б. Молотов-Лучанский, мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының докторанты А.Р. Айтмағамбетов, қоғамдық денсаулық сақтау магистранты Ж.М. Қуаныш қатысты.

Конференцияда медицина саласындағы қазақстандық жоғары оқу орындарының мейіргер ісі саласындағы инновациялық әлеуетін дамыту, халықаралық мейірбике ассоциацияларының мейіргер ісін дамытудағы тәжірибелері, мейіргер ісі саласындағы зерттеулердегі, дәлелді мейірбике ісіндегі халықаралық озық тәжірибелер тақырыптары ұсынылды.

Ж.М. Қуаныш «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты

0
2355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.