Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Душанбе қаласынан жылы қабылдаулар

Душанбе қаласынан жылы қабылдаулар

24 Мамыр 2019

2019 жылдың 7 мамыры мен 17 мамыры аралығында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ биология кафедрасы оқытушыларының ұжымы Абуали Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің халықаралық бөлімінің медициналық биология кафедрасына генетика негіздері кафедрасына келуге шақыруды үлкен ризашылықпен қабылдады.

Менің Душанбеде кафедраға келуім екі жыл бұрын эксплуатацияға берілген жаңа корпуста екінші рет болды.

Корпус техниканың соңғы сөзіне сай жабдықталған жаңа, заманауи аудиториялармен қуантты. Ашық және кең дәріс залдары мен практикалық сабақтарды өткізуге арналған аудиториялар жақсы жабдықталуымен ерекшеленеді.

Душанбе қаласында болған кезімде педиатриялық және стоматологиялық факультеттердің студенттерімен молекулярлық биология: апоптоз, фармакогенетика, экогенетика, Харди – Вайнберг заңы, зерттеудің заманауи молекулалық генетикалық әдістері және т.б. бойынша дәрістер оқылды және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Дәріс тақырыбы әр түрлі болды. Дәріс студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелік сабақтарда қосымша талқыланды.

Абуали Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің барлық әріптестеріме, студенттері мен қызметкерлеріне денсаулық, бақ-береке, оқуда және болашақ жоғары білікті және табысты мамандарды даярлау ісінде табыс тілеймін.

Биология кафедрасының

ассоцирленген профессоры, б.ғ.к.   В.В.Бритько


0
2236

пікірлер

пікір қалдыру үшін.