Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пациент маршруты бойынша

Пациент маршруты бойынша

20 Мамыр 2019

16 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің өкілдері Қарағандыда сапармен болып қайтты.  Әлеуметтік-маңызды ауруларды басқару тиімділігі бойынша көшпелі отырыстан кейін депутаттар ҚОДСБ басшысы Ержан Нұрлыбаевпен бірге бірқатар медициналық ұйымдарды, соның ішінде Қарағанды медицина университетінің клиникасын аралады.

ҚМУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры Бақыт Көшерова клиника директоры Гаухар Игимбаевамен бірге қонақтарды бөлімшелер бойынша жүргізді, онда депутаттар қазіргі заманғы жабдықтармен, медициналық көмек көрсету және пациенттердің болу жағдайларымен танысты.

Маршрут қабылдау бөлмесінен басталды, онда клиника ашылған сәттен бастап пациенттерді шұғылдық санаттары бойынша сұрыптауға мүмкіндік беретін триаж-жүйе қарастырылған. Қонақтар кезек күттірмейтін көмек көрсетуге арналған «қызыл дәліз» бойынша өтіп, дәрі-дәрмектердің болуына қызығушылық білдірді.

Операциялық, реанимациялық блоктың, эндоскопиялық диагностика кабинетінің, симуляциялық залдың жабдықталуы қонақтарды таң қалдырмай қоймады. Соңында болашақ және тәжірибелі дәрігерлерге арналған анатомиялық үстел, оқу муляждары, манекендер және өзге де тренажерлер өздеріне назар аудартпай қоймады. Университет резиденттері - симуляциялық залға жиі келушілер, онда лапароскопиялық жабдықтарды пайдалану, интубация жүргізу және басқа да көптеген техникаларды қолдану бойынша өз дағдыларын жетілдіреді.


0
2389

пікірлер

пікір қалдыру үшін.