Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық тәжірибе алдық

Клиникалық тәжірибе алдық

14 Мамыр 2019

22 сәуір мен 3 мамыр аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде №3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Ибраева Ләззат Катаевнадан және клиникалық тәлімгер, жоғары санатты дәрігер Нығметова Айнаш Аманжолқызынан білім алдық.

Оқу кезінде біз ОКА пульмонология бөлімінде емделушілерге жетекшілік еттік. Шағымдар, анамнез жинау, науқастарды қарау, дифференциалды диагностика жүргізу, хаттамаларға сәйкес тексерулер мен емдеу тағайындалдық. Бронх демікпесі, ауруханадан тыс пневмониясы, созылмалы бронхиті бар жүкті әйелдерді қарадық. Ауыр науқастарға арналған консилиумдарға жүрдік. Амбулаториялық қабылдауға пульмонолог дәрігерлерімен бірге қатыстық. Практикалық дағдылар орталығына барып, сенсорлық үстелде, муляждармен және манекендермен жұмыс істедік, қызықты клиникалық жағдайларды талдадық. "Адам және дәрі" конференциясына қатыстық.

№3 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері Л. К. Ыбраева мен клиникалық тәлімгері А. А. Нығметоваға сіздің кәсіпқойлығыңыз және жылы қабылдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздің көмегіңіз бен тәлімгерлігіңіздің арқасында біз баға жетпес клиникалық тәжірибе мен пульмонология саласында жаңа білім алдық!

АМУ 2 жыл резиденттер-пульмонологтар А.А. Ерназарова, Шагирова А.С., Абдурахманова Ф.Ж.


0
2383

пікірлер

пікір қалдыру үшін.