Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ең үздік болуға лайық

Ең үздік болуға лайық

14 Мамыр 2019

Мамыр айының 09 – 11 күндер аралығында Қарағанды медицина университетінде жыл сайынғы «Мамандық бойынша ҚМУ ең үздік түлегі» атағын беру конкурсы өтті. Байқауға мамандық бойынша ең үздік атағына лайықты екенін дәлелдеуге дайын 20 интерн – дәрігер қатысты.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: тестілеу, портфолионы бағалау, клиникалық құзыреттілікті бағалау, ғылыми жобаны ұсыну. Оқуда және ғылымда өздерін көрсете білген дарынды түлектер құрметті атақ үшін өз өнерлерін көрсетті.

Алғашқы екі кезең ерекше толқытатын болды. Қатысушылар өз профилдері бойынша сұрақтарға жауап берді, жедел коронарлы синдром кезіндегі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел бітелісі кезіндегі, дәрілік анафилаксиялық шок кезіндегі,  қол және тері жарақтары кезіндегі шұғыл көмек, негізгі жүрек-өкпе қызметінің реанимациясын көрсетті.

Конкурстың 4 кезеңінің қорытындылары бойынша 2019 ж. «Мамандық бойынша ҚМУ үздік түлегі» келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

ü «ҚМУ үздік интерн педиатры» - Жұмаділова Жібек Аймұратқызы;

ü «ҚМУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Аманжолова Әйгерим Алматқызы;

ü«ҚМУ үздік интерн хирургы» - Ташметов Эльярбек Розматжанович;

ü «ҚМУ үздік интерн терапевті» - Ташимова Айгерим Каирбаевна;

ü «ҚМУ үздік интерн жалпы тәжірибелік дәрігері» - Шонай Дәрия Темірбекқызы;

ü«ҚМУ үздік интерн стоматологы» - Гарифуллина Рузиля Рустамовна.

ü«ҚМУ үздік мейірбике ісі түлегі» - Кирюшкина Анастасия Александровна.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты іс-шарасында өткізіледі.

 Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2728

пікірлер

пікір қалдыру үшін.