Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кардиологтарға арналған «Своя игра»

Кардиологтарға арналған «Своя игра»

14 Мамыр 2019

Ұлы Отан Соғысындағы  Совет Одағының фашистік Германиядан Жеңіс күні тек қана Қазақстан үшін ғана емес, барлық ТМД елдері үшін ең құрметті мейрамдардың бірі болып қала береді. 1992 жылдан бастап Қазақстанда 7 мамыр күні Отан Қорғаушылар күні мемлекеттік мейрам болып есептеледі. Жыл сайынғы  дәстүрді сақтай отырып, 2019 жылдың 8 мамырында «Кардиология, соның ішінде балалар» мамандығының 1,2,3 курс резиденттері арасында «ҚМУ» КеАҚ клиникасының базасында кардиологиядағы диагностика мен емдеу хаттамаларының білімділігін байқауға  «Своя игра» атты инттелектуалды викторинасы өтті. Аталған шараның ұйымдастырушылары болып медицина университеті клиникасының директоры, ассоц.профессор Игимбаева Гаухар Тлеубековнаның басшылығымен 2 жыл оқуындағы резиденттері  - Абылканов Чингис, Югай Кирилл және Махадиева Назерке қатысты. Қонақтар ретінде кәсіби даму және резидентура мектебінің декан орынбасары Болатбекова Айғаным Айболқызы, «ҚМУ» КеАҚ клиникасының қызметкерлері шақырылды.

Викторина қатысушылары жеребе таңдауы арқылы үш топқа бөлінді. Бірінші кезеңде қатысушылар келесі тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап берді: артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, электрокардиограмма негіздері. Барлық командалар теориялық дайындықтың жоғарғы деңгейін көрсетіп, бірінші кезеңде көшбасшылары анықталды.  Кезең соңында 1 жылғы оқуындағы резидент-кардиологтар «Катюша» атты ұлттық әнін орындады.  

Екінші кезең стенокардияға, жедел коронарлы синдромның хаттамаларына, жүректің анатомиясына арналды. Кезең соңында 2 жылғы оқуындағы резидент-кардиологтар «Идет солдат по городу» атты ұлттық әнін орындады.

Үшінші кезеңнің сұрақтары кардиология тарихы, жүрекшелер фибрилляциясы, кардиологиядағы шұғыл көмек, интервенциялы кардиология тақырыптары аясында болды. Үш топтың арасынан №1 команда ең жоғарғы балды жинап,  ең мықты топ болды. Соңғы мәредегі нәтижелерге қарамастан, командалардағы барлық қатысушыларға есте сақтайтын сыйлықтармен марапатталды.

Финалда жюри әрбір командадағы ерекше көзге түскен қатысушыларды таңдады:  №1 -Мухамедия Арайлым, 2-жыл оқуындағы резидент-кардиолог,  №2 - Юлдашева Мафтуна, 1-жыл оқуындағы резидент-кардиолог, №3 - Канибекова Балжан, 2-жыл оқуындағы резидент-кардиолог. Ең үздік резидент-кардиологтар куратор атынан ерекше сыйлықтарға ие болды. Викторина соңында құттықтау сөзімен резидент-кардиологтардың кураторы Игимбаева Гаухар Тлеубековна  сөз сөйледі.


0
2740

пікірлер

пікір қалдыру үшін.