Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ТашПМИ жұқпалы аурулар кафедрасында білім беру тәжірибесі.

ТашПМИ жұқпалы аурулар кафедрасында білім беру тәжірибесі.

14 Мамыр 2019

Академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламаны орындау шеңберінде Қарағанды медицина университетінің эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының ассоциирленген профессоры Наталья Александровна Тимченко Ташкент педиатриялық медициналық институтына барды.

Желілік оқыту жүйесі кезінде белсенді әдістерді енгізу барысында оқыту және оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу екі тарап үшін де өте пайдалы болды. Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының әріптестерімен бірге ТашПМИ 5 курс студенттеріне бірқатар дәрістер оқылды:

1) «Бруцеллёз» бойынша дәріс.

2) "Тифо-паратифозды аурулар" бинарлы  дәріс (екілік дәріс) (эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі И. А. Қасымовпен бірге).

3) Алдын ала жоспарланған "АИТВ-ЖИТС" қателері бар дәріс-кеңес кафедра доценттері Г. С. Шоисламова және М. С. Шоджалиловамен бірге дайындалды.

Барлық тәжірибелік  сабақтар TBL(В, С, Д вирустық гепатиттері; А вирустық гепатиті; Шигеллез. Амебиаз), CBL (тағамдық токсикоинфекциялар. Ботулизм), RBL(Тиф-паратифозды аурулар).

Белсенді оқытудың оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында дәрістер оқылғаннан және тәжірибелік сабақтар өткізілгеннен кейін студенттерге сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде оң пікірлер алынды.

Тәжірибелік сабақтарды дайындау және өткізуге кафедраның ассистенттері: Абдуллаева У. У., Хайруллина А. Х., кафедра меңгерушісі Шарапова Г. М. белсене қатысты.

Тәжірибелік сабақтар кезінде ажыратпалы диагностикаға, клиникалық-зертханалық көрсеткіштерге, коммуникативтік дағдыларға, командада жұмыс істеу дағдыларына, теориялық білімдерді тәжірибеде  қолдануға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ТашПМИ Кредиттік оқыту жүйесіне көшуге дайындалуда және ҚМУ қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі өте пайдалы болды. Кафедрада кредиттік оқытудың ерекшеліктері мен артықшылықтары: СОӨЖ, СӨЖ өткізу үлгісі; тәжірибелік сабақтарды өткізу ерекшеліктері, орындау және бақылау формалары талқыланды.

Жақсы және жемісті ынтымақтастығы үшін ТашПМИ және ҚМУ халықаралық ынтымақтастық бөлімдеріне, қабылдаушы тараптың эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасына, кафедра меңгерушісі Ильхом Асомович Касымовқа, кафедраның барлық қызметкерлеріне жылы достық қабылдаулары үшін өз ризашылығымды білдіргім келеді.


0
2721

пікірлер

пікір қалдыру үшін.