Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жалпы тәжірибелік дәрігерде акушерлік және гинекология

Жалпы тәжірибелік дәрігерде акушерлік және гинекология

14 Мамыр 2019

15.04. - 26.04.2019 жыл аралығында«Қарағанды медицина Университеті» КЕАҚ акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының ассистент - профессорыЖанабаева Сымбат Өмірзаққызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының(ОҚМА АҚ) акушерлік және гинекология кафедрасында болды.

ОҚМА АҚ акушерлік және гинекология кафедрасы №1 Облыстық Перинатальдық  Орталығы (№1 ОПО), 250 төсекке есептелінген базада орналасқан және бұл, Түркістан облысының 7 ауданына қызмет көрсетеді.

Жұмыс барысында ассистент профессор акушерлік және гинекология кафедрасының құжаттарымен және әдістемелік жұмыстарымен: ОҚМА АҚ оқытудың интерактивті әдістерімен, оқу журналдарымен, сондай-ақ кафедра орналасқан №1 ОПО-тағы клиникалық базаның құрылымымен және ОҚМА АҚ негізгі корпусында орналасқан ТДО танысты.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында мамандығы «Жалпы медицина» дайындау бағыты «Жалпы тәжірибелік дәрігер», 7 курс IВОПК – 25-17 –тобында «Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі акушерлік және гинекология» пәні бойынша 2 кредит - 90 сағат көлемінде (тәжірибелік сабақтар және ОИӨЖ) сабақ өткізілді.

ОҚМА АҚ акушерлік және гинекология кафедрасымен келісіп жасалынған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай тәжірибелік сабақтар талданды. Сабақты өткізу барысында салыстырмалы диагностика, зертханалық диагноз қоюмен қатар ҚР ДСМ акушерлік және гинекология бойынша клиникалық хаттамаларды меңгеруге көңіл аударылды. Жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау тақырыбы бойынша коммуникативті дағдылардың элементтері мен кеңес беру сатыларын қолдана отырып рөльдік ойындар өткізілді. Тәжірибелік дағдылар орталығында IВОПК – 25-17 – тобы интерндерімен өзекті тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді. Өткізілген сабақтардың нәтижесінде интерндер өзекті тақырыптары бойынша ғылыми эссе жазды. 


0
3802

пікірлер

пікір қалдыру үшін.