Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сән, талант және сұлулық байқауы

Сән, талант және сұлулық байқауы

02 Мамыр 2019

28 сәуірде К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында жыл сайынғы «Қарағанды медицина университетінің аруы мен мырзасы - 2019» сән, талант және сұлулық байқауы өтті.

Биылғы жылы іріктеу кезеңіне 40-тан астам студент қатысты, бірақ олардың 13-і финалға өтті.

Бірінші кезең «Сәлемдесуде» болашақ дәрігерлер өздері туралы әңгімеледі, олардың жоспарлары мен армандарын, өздерінің өмірлік ұстанымын таныстырды. Келесі кезеңде қатысушылар өздерінің білімділіктерін көрсетті, жүргізушілердің қойған сұрақтарына жауап берді. Ал ең қызықтысы, әрине,  шығармашылық кезең болды. Қатысушылар шығыс билерін, хип-хоп биледи, музыкалық аспаптарда ойнады. Байқаудың демеушілері ұсынған кешкі көйлектердің сән үлгісін көрсетті. Әдемі шаш үлгісі мен сәнді көйлек қыздардың әрқайсысын сұлу, нәзік әрі тартымды ғып  көрсетті.

Байқауды құзыретті қазылар алқасы бағалады. Байқаудың арасында біздің университеттің шығармашылық ұжымдарының вокалдық және би орындаулары болды.

Пікірлер әртүрлі болды және әр қатысушы жоғары дәрежеге лайық болды.Көп талқылағаннан кейін «ҚМУ Аруы-2019» атағын «Қоғамдық денсаулық сақтау және фармация мектебінің» 2 курс студенті Түймебаева Жансұлу  алды. Ал «ҚМУ Мырзасы-2019» лауазымы «Медицина мектебінің» 1 курс студенті Лукашев Кирилге бұйырды.

«ҚМУ Вице-аруы-2019» дәрежесі «Медицина мектебінің» 2 курс студенті Байменова Аруаға, ал «ҚМУ Вице-мырзасы-2019» лауазымы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің 1 курс студенті Қуанышұлы Тамирланға берілді.

Біздің университет басшылығының өкілдері және байқаудың демеушілері барлық қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, сыйлықтармен марапаттады.

Кеш құттықтаулар мен естелікке суретке түсумен аяқталды.


0
2818

пікірлер

пікір қалдыру үшін.