Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Лунд университетінде өткен магистранттар тағылымдамасы

Лунд университетінде өткен магистранттар тағылымдамасы

29 Сәуір 2019

2019 жылдың 10 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бірінші курс магистранттары» Ж.М. Қуаныш, Т.А. Найдёнова, Н.А. Мырзағұлов, К.К. Элиманов, А.Ж. Ескендір, А.К. Рақымжан, М.Н. Зетбек Лунд университетінде (Швеция Корольдігі) тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама аясында магистранттар биостатистика және эпидемиология, Таяу Шығыстағы қоршаған ортаны және тұрақты даму курсын өтті.

Биостатистика және эпидемиология бойынша дәрістерді PhD докторы Түсіпова Кәмшат оқыды. «Таяу Шығыстағы қоршаған орта және тұрақты даму» курсы аясында магистранттар Helen Avery Таяу Шығыстық зерттеулер орталығының PhD келесі дәрістерді оқыды: Босқындар лагерлеріндегі тұрақтылық пен қалаларды қалпына келтіру, Азық-түлік егемендігінің стратегиясы ретінде жергілікті сұрыптарды өсіру және сақтау, Таяу Шығыстың түрлі бөліктерінде жерді иелену және жерді пайдалану. Сондай-ақ, «Тұрақты даму дағдылары» тақырыбында медитация отырысы өткізілді.

Мәдени бағдарлама шеңберінде магистранттар қаланың көрікті жерлеріне, сондай-ақ биомедицина, су ресурстары және Таяу Шығыстық зерттеулер орталығының ғимараттарын аралап көре алды.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін магистранттар Лунд университетінде тағылымдамадан өткені туралы куәліктер алды.

Ж.М. Қуаныш «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты 


0
2247

пікірлер

пікір қалдыру үшін.