Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Омбы студенттеріне арналған дәріс.

Омбы студенттеріне арналған дәріс.

29 Сәуір 2019

КеАҚ "Қарағанды медицина университеті" қызметкерлерінің маңызды бағыттарының бірі  академиялық ұтқырлық болып табылады. Академиялық ұтқырлық сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, білім беру сапасын жақсартуға, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруға, олардың кәсіби, мәдени және білім беру деңгейлерінің өсуіне ықпал етеді.

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша морфология және физиология кафедрасының профессоры Жанайдарова Галина Уразовна 01.04 - 12.04.2019 жыларалығында Омбы мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасында екі апта көлемінде білім алмасып қайтты. ОлОмск студенттеріне дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді. Омбы мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен медициналық жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне оқытудың белсенді әдістерін енгізуге арналған "RBL. Жоба әдісі (SSC) студенттерді таңдау компоненті ретінде». ҚМУ морфология және физиология кафедрасында RBL енгізу туралы тақырыбына  әңгіме жүргізді. Кафедра меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Виктор Александрович Акулининмен ғылыми ақпаратпен алмасып, білім беру үрдісінің қазіргі өзгерістерін талқылады,болашақта бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізу туралы келісті

ОММУ гистология, цитология және эмбриология кафедрасында емдеу ісі, педиатрия, стоматология және медико-профилактикалық факультеттерінің студенттері білім алады. Кафедра әр түрлі көрнекі материалдармен безендірілген, студент кафедраға келгенде, гистология әлеміне түскендей күй кешеді. Оқу бөлмелерінің қабырғаларына микропрепараттардың, жалпы және жеке гистология, цитология және эмбриология тақырыптары бойынша электрограммалардың фотосуреттері ілінген. Кафедра аумағында эмбриология бойынша бірегей экспонаттары, атақты гистологтар А.А. Максимов, А.А. Заварзин, В.Г. Елисеевтердің гистология бойынша еңбектері мен оқулықтардың раритетті баслымдары, өткен ғасырдың микроскоптарының түрлері жинақталған, В.Г. Елисеевтің жұмыс үстелі, оның жеке заттары сақталған мұражай бар. Мұражайға бару студенттердің пәнге деген қызығушылығын және құрметін оятады.

  2009 жылдың мамыр айынан бастап Омбы мемлекеттік медицина академиясының гистология, цитология және эмбриология кафедрасын профессор, медицина ғылымдарының докторы Виктор Александрович Акулин басқарады. Оның ғылыми қызығушылығы: постреанимациялық энцефалопатияның морфофункционалдық негіздері. Виктор Александрович үлкен ғылыми жұмыстар атқарып, гранттық бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды, шетелде ғылыми конференциялар мен конгресстерге қатысады, шетелдік басылымдары бар, ғылыми кадрлар дайындайды.

   Профессор Г. У. Жанайдарованың жұмысы Омбы мемлекеттік медицина университетінің басшылығымен жоғары бағаланды: біздің университет ректоры, профессор Р. С. Досмағамбетованың атына алғыс хат жолданды. 


0
2942

пікірлер

пікір қалдыру үшін.