Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстелдегі талқылау

Дөңгелек үстелдегі талқылау

25 Сәуір 2019

Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру - болашаққа жол» бағдарламасы шеңберінде «Білім алушылардың тілдік дайындықтарындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты өңірлік ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың жұмысына мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының  оқытушылары мен көптілді білім беру орталықтарының қызметкерлері шақырылады.

Пленарлық мәжілісті медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Л. Молотов-Лучанский ашты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің бас менеджері С. М. Санаубаев семинар қатысушыларына «Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол» бағдарламасының негізгі стратегиялық бағыттарын түсіндірді.

Семинар отырысы дөңгелек үстел түрінде өтті, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда тек бір мектепте ғана емес, колледжде де, университетте де оқытушыларға  білім берудің әрбір деңгейінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, сонымен қатар білім алушылардың  жалпы тіл үйретудің қазіргі жағдайы туралы жан-жақты пікірталаспен алмасты. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды медицина университетінің, «Болашақ Академиясының», Қарағанды технология және сервис колледжінің, № 102 мектеп-гимназиясының, №101 мектеп-лицейінің, Самарка жалпы білім беру мектебінің оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар отырысына ұсынылған баяндамалардың мазмұны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша тиімді жұмыстардың бар екенін көрсетеді.


0
2412

пікірлер

пікір қалдыру үшін.