Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сауаттылықты қолдау

Сауаттылықты қолдау

17 Сәуір 2019

Жалпы диктант – барлық қатысқысы келетін адамдарға арналған ерікті диктант түріндегі жыл сайынғы білім беру акциясы.

Бірінші диктант 2004 жылы НГУ гуманитарлық факультетінің  шығармашылық бірлестігі «Глум-Клуб» студенттік акциясы ретінде өтті. Алғашқы «диктаторлар» (2004 жылдан 2008 жылға дейін) НГУ-нің оқытушылары болды. 13 жыл ішінде жалпы диктант ауқымды ғаламдық оқиғаға айналды.

Акцияның мақсаты -  әрбір адам үшін сауатты болуы маңызды екенін көрсету; орыс тілін үйрену оңай емес, бірақ қызықты және пайдалы екеніне сендіру; орыс тілінде жазып-сөйлегісі келетіндерді біріктіру.

Жалпы диктант - белсенділер мен еріктілер жүргізетін әлеуметтік жоба. Науқанды ұйымдастырушы – «Жалпы диктант» қоры (Новосибирск). Диктанттың ерекше мәтінін осы науқан үшін жыл сайын атақты жазушы жасайды.

2019 жылдың 13 сәуірінде  81 елде «Жалпы диктант» науқаны өтті. Павел Басинскийдің мәтіннің төрт фрагменті онлайн режимінде және аудиторияларда жазылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 236 284 адам қатысты, бұл өткен жылғыдан 9 мыңға артық.

Айта кету керек, тағы да Қарағандының барлық жоғары оқу орындарының арасынан тек медицина университеті 100 астам адам қабылдап, өз базасында өткізді.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2362

пікірлер

пікір қалдыру үшін.