Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Стоматологиядағы жаңа бағыттар

Стоматологиядағы жаңа бағыттар

10 Сәуір 2019

Біз, 11 адамнан тұратын Қарағанды медицина университетінің студенттері, 10-21 наурыз аралығында Еуропа елдерінде "Стоматологиядағы заманауи технологиялар" білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өттік. Білім беру бағдарламасы аясында Германияның Кельн қаласында өткен Бүкіләлемдік стоматологиялық мамандандырылған "International Dental Show 2019" көрмесіне бардық. Бұл көрме сандық стоматологияға арналды. "International Dental Show 2019" көрмесінде 11 павильон ұйымдастырылды, олардың әрқайсысында белгілі бір тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізілді. Біз стоматологияның барлық бөлімдері бойынша жаңа технологиялармен, әдістемелермен таныстық.  Көрме барысында бізге Ортопедиялық стоматология саласындағы параллелометрлер мен әртүрлі артикуляторлардың жұмыс принциптері ұсынылды. Біз CAD/CAM жүйесінің жаңа технологияларымен таныстық.

Таң қаларлық сәттердің бірі жаңа стоматологиялық жабдықтармен танысу болды: бұл пациенттерді қолайлы емдеуге және медициналық стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған заманауи стоматологиялық креслолар, сондай-ақ балалар қабылдау үшін арналған мультфильм кейіпкерлерінің әр түрлі дизайны түрінде стоматологиялық жабдығы бар  арнайы стоматологиялық креслолар жасалғанына назар аудардық. Білім беру бағдарламасы барысында Голландияның Корольдік стоматологиялық қауымдастығында оқыту семинары өткізілді,онда Голландия мен Қазақстанда стоматологтарды дайындау мәселелері, стоматологтарды лицензиялау және қолдау мәселелері талқыланды. Білім беру бағдарламасы аясында ekler (Eclairages Médicaux Multimedia) стоматологиялық жабдықтарын шығаратын кәсіпорындардың біріне бару және семинар өткізу ұйымдастырылды. Бұл кәсіпорын стоматологиялық сала үшін жарықтандыру жабдықтарын шығарумен айналысады, соның ішінде интраоралдық камера функциялары мен мультимедиалық мүмкіндіктері бар. 

Біздің сапарымыз барысында біз, ҚМУ студенттері стоматологиялық жаңа білім алып, кәсіби даму үшін жаңа бағыттарды анықтадық. Біз университетімізге "International Dental Show 2019" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз. Осындай мүмкіндіктің арқасында біз, ҚМУ студенттері әлемдік деңгейде кәсіби салада үлкен биіктерге жетуге ұмтыламыз деп сеніммен айта аламыз.

Стоматология мектебінің студенттері: Оспанова К., Қонысбек Е, Каниева А, Калтаева А., Рахымжанов Т., Половинский К., Галимзянова А. 


0
2533

пікірлер

пікір қалдыру үшін.