Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Наурыз мейрамы» - көктемнің жарқын мерекесі!

«Наурыз мейрамы» - көктемнің жарқын мерекесі!

03 Сәуір 2019

Наурыз – табиғат оянып, өмір жаңарған кездегі көктем мерекесі. Наурыз - жаңа жыл басы, нұр мен мейірімділікті бейнелейтін, күн мен түн теңелетін, жер бетіндегі барлық халықтар арасындағы достық пен бірлік мерекесі.  Бұл мерекеде шығыс халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бейнелейді. Жыл сайын біздің кафедрада Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өткізіледі. Мерекелік іс-шараға барлық ұжым қатысады.

Морфология және физиология кафедрасының анатомия бөлімшесінің қызметкерлері «Тұсау кесер» рәсімін өткізді. Тұсау кесер - бұл баланың алғашқы қадамдарының құрметіне арналған рәсім. Бұл әдет, біртіндеп жүре бастаған кезде ұйымдастырылады. Аталған рәсім кафедра қызметкерінің баласына жүргізілді және де келесі күні баланың сүрінбей нақты қадам басқанын атап өткіміз келеді. Бала тұсауын кафедраның профессор ассистенті Р.Т. Карибжанова кесті.   Рәсімнің соңында баланың ақылды, күшті, белсенді, бақытты, болашақ өмірі  жарқын болуын тілеп, балаға бата берілді.

Сонымен қатар, мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік дастарханда басты тағамдардың бірі - Наурыз көже болды. Концерттік бағдарламаның соңында барлық қатысушылар Наурыз көжеден, бауырсақ, қымыз және түрлі тәтті тағамдардан дәм тата алды.

 Морфология және физиология кафедрасының

 анатомия бөлімінің ұжымы.


0
2433

пікірлер

пікір қалдыру үшін.