Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицинадағы жастар кәсіпкерлігі

Медицинадағы жастар кәсіпкерлігі

01 Сәуір 2019

2019 жылдың 28 наурызы күні ҚМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары  Л.К. Магзумова мен А.А. Ахатованың жетекшілігімен және студенттеріміздің бастамасымен «Кәсіпкерлік негіздері» және «Экономикалық және құқықтық білім негіздері» пәндері бойынша  «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚМУ Республикалық ғылыми конференциялардың жеңімпаз студенттері (модераторы: Әбукәрім Жібек, сондай-ақ спикерлер ретінде: Әлімжан Жансая, Райбаев Әділет,  Төрегельдин Жүніс) мен «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1-002 топ студенттері,  жастармен жұмыс бойынша бөлімнің жетекшісі А.А. Уңғарбаева, бөлім мамандары, кафедра меңгерушісі мен оқытушылары, аймағымыздағы ЖОО оқытушылары қатысты.  

Жастар жылы аясында іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты: жастардың кәсіпкерлік туралы білімдерін тереңдету, экономика саласындағы мәселелерді құқықтық тараптан шешуде ой бөлісу,  дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену үшін өз үлестерін қосу, медицина саласында жаңашылдықты кәсіпкерлікпен байланыстыру болып табылады. Кәсіпкерліктегі медицина саласында ерекше назар аударарлық жағдай, адам өмірін бірінші орынға қою, пациенттер саны емес, сапалы емдеу туралы сөз қозғалды.  Ортаға алынған және қызу талқыланған мәселе қазіргі цифрланған экономикада жетекші орын алатын кәсіпкерліктің даму мәселелері талданды. Дөңгелек үстелде әр студенттің баяндамасынан кейін, өз тақырыптары бойынша сұрақтар қойылып, ҚР шағын және орта бизнес бастауында кәсіпкерлермен туындайтын материалдық, рухани,  заңдық қиындықтар талқыланды.  Сонымен қатар, жастар кәсіпкерлігін бастау стартап, инкубация, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламары мен ұйымдарын толығымен жан-жақты қарастырылды.

 Талдау барысында студенттердің кәсіпкерлік қызығушылықтары байқалды. Өздерін қызықтыратын жағдаяттық сұрақтар бойынша жауаптар алды. Іс-шара соңында оқу орнымыздың жастармен жұмыс бөлімі жетекшісі Уңғарбаева Айгүл Аманжолқызы барлық қатысушыларға өз алғысын білдіре отырып, медицина саласында кәсіпкерлікті дамыту жастардың қолында екендігін, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануды ұсынды. 

Қазақстан тарихы және ӘСП

кафедрасының  меңгерушісі  К.А. Темиргалиев 


0
2899

пікірлер

пікір қалдыру үшін.