Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жақсылыққа ұмтылу - табысқа жетудің кепілі.

Жақсылыққа ұмтылу - табысқа жетудің кепілі.

01 Сәуір 2019

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Стоматология» мамандығы бойынша 3, 4 курстың арасында ақылы негізінде қазақ тілінде оқитын, мемлекеттік білім беру гранты бойынша бос орынға ауысу үшін конкурс өткізілді.

3-ші курс студенттерінен GPA-дан 2.22-ден 3.09-ға дейін 39 оқушы, ал 4-ші курс бойынша GPA-дың 2.73-тен 3.15-ке дейін 9 оқушысы қабылданды.

Университеттің және ҚР БҒМ Ғылыми кеңесіне үміткерлердің жеке істерін қарау нәтижелері бойынша 3 курс студенттері мемлекеттік білім беру грантына - Сайдаля Ақбаян Маратғазы, 4 курс - Калтаева Аида Нурлановна ауыстырылды.

Сайдалы Акбаян Маратқызы, «Стоматология» мамандығының 3 курс студенті, 2016 жылы Г.Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебін үздік дипломмен бітірді. ҰБТ-нің қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке ие. Қазіргі уақытта аралық аттестаттау нәтижелері бойынша орташа балл 3,09 құрайды. Оның тәртіптік шаралары жоқ. Университеттің көркемөнер үйірмесінің мүшесі.

Калтаева Аида Нұрланқызы, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті, 2015 жылы Қарағанды ​​облысының Білім басқармасының №2 қазақ-түрік мектеп-интернатын бітірді. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке ие. Қазіргі уақытта аралық аттестаттау нәтижелері бойынша орташа балл 3,15 құрайды. Оның тәртіптік шаралары жоқ. 2 курста ол ҚазМСА жастар бірлестігінде болды.

Біздің студенттерімізге білім беру бағдарламаларын жоғары деңгейде иегеруге және кәсіптік өсуді тілейміз!


0
2437

пікірлер

пікір қалдыру үшін.