Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстел «Дәрілік заттарды дамытудың заманауи тұжырымдамалары»

Дөңгелек үстел «Дәрілік заттарды дамытудың заманауи тұжырымдамалары»

29 Наурыз 2019

26 наурызда химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасында  «Фармация» мамандығының 3,4,5 курс студенттері, кафедра оқытушылары және «Бионорика» фармацевтикалық компаниясының өкілінің қатысуымен «Дәрілік заттарды дамытудың заманауи  тұжырымдамалары» атты дөңгелек үстел түрінде іс-шара өткізілді. Дәрі-дәрмек терапиясының өзекті мәселелері және оларды дәрілік заттардың өмірлік кезеңдерінің барлық сатылары - жасалғаннан сату,  түпкілікті тұтынушыға дейін шешу жолдары талқыланды.

«Бионорика» компаниясының дәрілік өсімдік  препараттары фитонирлеудің (phytoneering) бірегей тұжырымдамасына негізделген технологиясы бойынша шығарылады. Бірнеше онжылдықтар бойы компания өз өнімдерін дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау,  стандарттау, сондай-ақ дайын өнімдерді өндіру сатысын жасап келеді. Компанияның өкілі осы тұжырымдаманы, дәрілік өсімдік фитопрепараттарды дамыту сатыларын айтып, студенттердің қызығушылығын тудырған  сұрақтарына жауап берді.

Химия және фармацевтикалық пәндер

 кафедрасының меңгерушісі И.В. Лосева 


0
2758

пікірлер

пікір қалдыру үшін.