Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

29 Наурыз 2019

 "Мен Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітіріп,"Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алдым. Қазақстанда алған дипломымыз барлық жерде бағаланады. Ал оның құндылығына келетін болсақ,ол- сізге байланысты", - дейді Республикамызда белгілі нейрохирург, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарының бірі Бердиходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы.

@Sdf_kaznmu студенттерімен ұйымдастырылған "Jaztar Forymy-2019" аясында тарихи оқиға – екі ұрпақтың: болашақ жас біз сияқты дәрігерлердің М. С. Бердиходжаевпен кездесуі өтті.

Қарағанды медицина университетінің студенттеріне атақты дәрігер жүргізген "Артериовеноздық мальформация" операциясына қатысып, ғылыммен айналысудың маңыздылығына байланысты бірнеше сұрақтар қою мүмкіндігі бұйырды. Мыңжылқы Сайлауұлының айтуынша, ғылыми мақалалар мен жобаларды зерттеу медицина қызметкерлерінің жаңа буынына кәсіби болуға және олар жұмыс істейтін саланы терең түсінуге мүмкіндік береді. М.Бердиходжаев бас миының тамырларына 2500-ден астам жоғары технологиялық ота жасады, қазір Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада хирургия орталығын басқарады. Студенттер @sno_kmu өте жылы кездесу және уақытыңыз үшін өте риза @mynzhyl. Сізге зор денсаулық және істерге табыс тілейміз. Кездесуден кейін студенттер өздеріне мотивация алып, керемет әсер алды.Бұл кездесу ұрпаақтар сабақтастығының бастауы болды.


0
2803

пікірлер

пікір қалдыру үшін.