Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Туберкулёзге “ЖОҚ” деп айт!

Туберкулёзге “ЖОҚ” деп айт!

29 Наурыз 2019

27 наурыз күні Қоғамдық Денсаулық және Фармация мектебінің СӨС секторының СӨӨБК белсенділері «Дүниежүзілік туберкулёзге қарсы күніне» арналған  "Mycobacterium tuberculosis" атты интеллектуалдық ойынын өткізді.

  Іс шараның басты мақсаты: студенттердің туберкулездің алдын алу туралы сұрақтарға жоғары дәрежеде ақпараттандыру, осы аталған мәселеге олардың қызығушылығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.

 Жеребе нәтижесінде барлық қатысушылар 3 топқа бөлінді. Үздік ұпайларды жаулап 4 кезең: «Өз ойыны»,«Миллион кімге бұйырады», «Кроссворд», "пазлдардан" өту үшін әрбір топ барлық эрудицияларын, білімдерін, жеңіске деген құштарлықтарын көрсету керек болды.

  Ойын қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен: Қоғамдық денсаулық және фармация мектебі деканының орынбасары Камарова Айсулу Мақашевна, Самрұқ Студенттік Республикасының Президенті Афизов Искандер, Қоғамдық денсаулық және фармация мектебінің СӨӨБК жетекшісі Бондарева Анастасия, СӨС секторының жетекшісі Смайлова Кенжегүл, СӨС секторының белсенді мүшесі Сакенова Динара "Mycobacterium tuberculosis" интеллектуалдық ойынының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды және дәмді сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушыларға "Mycobacterium tuberculosis" интеллектуалдық ойынын ұйымдастырудағы қоғамдық денсаулық және фармация мектебіне алғыс хаттар табыс етілді.

  Интеллектуалдық ойынның ұйымдастырушылары: Мадиярова Асылым, Мухаметжанов Мадияр, Сидихов Расул, Орымбай Әсемгүл Шермухаммедова Жансая, Ахметова Зарема, Тұрдығалиев Санжар, Аникеева Анастасия, Сакенова Динара, Абдуллади Алишер, Айдакешов Баймурад.

  СӨС секторының басшысы: Смайлова Кенжегул


0
2429

пікірлер

пікір қалдыру үшін.