Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз-көктем, махаббат және молшылық мерекесі

Наурыз-көктем, махаббат және молшылық мерекесі

29 Наурыз 2019

Балалар жұқпалы аурулары циклінің тату оқутышылар  ұжымы  Наурыз мерекесіне арналған  мерекелік концерт ұйымдастырды. Ұйымға циклда айналысатын топтар қатысты.  Атап айтқанда 6034  интерн-педиатрлар тобы, 7091, 7092, 7112, 7113 ЖТДинтерн топтары, 4045, 4012, 4013, 4038,4039 ЖМ топтары.

Жарқын костюмдер, қызықты концерттік нөмірлер , танымдық викториналар ешкімді бей-жай қалдырмады. Сценарийді 6034 интерн-педиатрлар топтарыдайындады.  Әнқазақ, орыс  және ағылшын тілдерінде шырқалып, көрермендер қол шапалақтап отырды. Әсіресе, 6034 топ педиатры- Б.Советованыерекше атап өткіміз келеді. Ол барлығына ұнады және бәрін  таң қалдырды, зал тіпті әнге қосылып  отырды. Мереке қонақтарының назарына студенттер мен интерндер  қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын: шашу, сүйінші, тұсау кесер, шілдехана, бесік тойын көрсетті.

4013  ЖМ тобының студенті  А.Едігенің және 4012 ЖМ  тобының студенті  Ж.Аманованың  орындаған күйлері көрермендерді ерекше сезімге бөледі. Сондықтан "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра"деп бекер айтпайды. Олар мерекеге үн қосып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дәстүрді білуге танымдық викторинасыз да болмады. Барлығы белсене қатысып, өте жақсы білімдерін көрсетті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті ,бұл барлық қызметкерлер мен студенттердің ұжымдық шығармашылық жұмысының арқасында барлық қатысушыларды жағымды және тамаша көңіл-күймен қуантты.

Концерт соңында  цикл профессоры Бегайдарова Розалия Хасанқызы сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, барлығына зор денсаулық, бейбіт аспан, бай дастархан мен оқуда және ғылыми қызметте табыс тіледі.

 6034 тобының Педиатрия мамандығының интерндері


0
2480

пікірлер

пікір қалдыру үшін.