Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Команда өзара іс - қимыл

Команда өзара іс - қимыл

28 Наурыз 2019

«Информатика және биостатистика» кафедрасының оқытушылары Е.П. Меньшова және А.С. Капашева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Болашақ» Академиясында ЖМ болды. Сабақ «Фармация» және «Қаржы» мамандықтары бойынша 1 курс студенттері үшін «Information and communication technologies» пәні бойынша жүргізілді.

Сабақ белсенді оқыту әдістері арқылы moodle.qmu.edu.kz сайтында Moodle платформасының көмегімен жүрді. Сабақ барысында студенттердің өткен оқу материалын игерудегі оң көзқарасын қалыптастыруға өзара көмек, педагогикалық талап және мейірімділік ықпал етті.

Студенттердің айтуы бойынша Moodle платформасында тәжірибелік және тесттік тапсырмаларды орындау болашақта кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін негіз болатын өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

«Болашақ» Академиясында ЖМ студенттер жағдайлық есептерді шешуде сase-study әдісі бойынша алғаш рет оқып-үйренді. Кері байланыс сауалнамасында студенттер аталған әдістің қиындығы қойылған  тапсырманы талдау үшін теориялық білімді қолдануда, тәжірибелік шешімдерін және олардың алгоритмдерін таңдауда, шешу жолдарының ең тиімдісін таңдай білуде екенін көрсетті.

Алайда, қиындыққа қарамастан студенттер тапсырмаларды өте жақсы орындай білді және команда аралық әрекеттер мен коммуникативті дағдыларды дамытуда, баяндама қорғауда демонстрациялық материалдар түрінде есеп берді.


0
3337

пікірлер

пікір қалдыру үшін.