Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мәре сызығындағы чемпионат

Мәре сызығындағы чемпионат

19 Наурыз 2019

Университетте футболдан XVIII чемпионатының финалдық кезең ойындары басталды. Бірінші жартысының қорытындысы бойынша барлық командалар екі топқа бөлінді: Алғашқы төрт команда 1-ден 4-ке дейінгі орын үшін, ал қалған төртеуі 5-тен 8-ге дейін орындары үшін ойнайды.

  9 матчтан кейін 27 ұпай жинаған «Стоматология» командасының (капитаныКаримов Жандарбек) чемпиондыққа үміті зор. «Интернатураның» (капитаны Каирбеков Алмат) да 21 ұпаймен «алтын» алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін интерндерге тек жеңіске жету керек, егер «Стом» командасы екі ойында бірде-бір ұпай жинамаса, ал олай болуы екіталай. «Терапия»(капитаны Нұрышев Жарқын)  мен«Хирургия» (капитаны Халметов Бахром) командаларына 16 және 15 ұпаймен чемпионаттың қоласына ойнау ғана қалды.

  Екінші топта «ЖТД» командасы (капитан Толегенов Акжол) турнир кестесінің 5 орынын алды. «Фармацевтика» (капитаны Сәрсенбай Нурдаулет) және «Академия» (капитаны Серикбаев Диар) өзара 6-7 орынға ойнайды. Турнир кестесінің соңғы орнына «Педиатрия» (капитаны Зермуханбетов Аңсар) командасы орналасты.

Университеттегі біріншіліктің финалдық ойындары 30-31 наурызында өтеді.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі

Дене шынықтыру орталығы


0
2521

пікірлер

пікір қалдыру үшін.