Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерген қыздар сайысы

Мерген қыздар сайысы

19 Наурыз 2019

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті дене шынықтыру және спорт факультетінің базасында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студент-қыздары арасында оқ ату бойынша және дартстан жарыстар өткізілді. Жарыс Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне арналды. Қарағанды медицина университетінен әскери кафедрада оқитын төмендегі қыздардың құрама командасы қатысты:

№ 1 команда  – Бисалиева Данагуль, Рымтаева Мадина, Ниязханова Дина;

№ 2 команда  – Сыздықова Карина, Съездова Аружан, АманжанАнар,Жақан Жанар;

№ 3 команда  – Керн Нелли, Абылева Азиза, Акижанова Бибинур, Переходюк Елена.

Қыздар спорттың екі түрінен: оқ ату және дартстан сайысқа түсті.

Жарыс жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылардың жеңіске деген ұмтылысы зор болды. Соған қарамастан,  оқ атудан ҚМУ-дың құрама командасы жалпы командалық III орынды, ал дартстан – жалпы командалық I орынды иеленді. Жарыс Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен өтті.

Біздің қыздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Әскери кафедраның ұжымы


0
2588

пікірлер

пікір қалдыру үшін.