Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бауырсақ Fiesta

Бауырсақ Fiesta

19 Наурыз 2019

Сіздер, «Бауырсақ» сөзінің калай пайда болғанын және оның жасалу жолын білесіздер ме? Бауырсақ қазақтың «бауыр басу, бауырласу, бауыр» деген сөзінен шыққан және «бірігуге, туыстыққа, бауырластыққа ұмтылу» дегенді білдіреді. Бауырсақ - қазақ халқының дәстүрлі тағамдарының бірі. Бірақ оның құрамы және дайындалуы әр облыста әр түрлі. Осыған байланысты 16 наурыз күні «Ақжүніс» қыздар клубы «Бауырсақ FIESTA» атты іс-шара ұйымдастырды. Осындай ерекше  іс-шара бірнеше жыл бойы Қарағанды медицина университетінің №1 жатақханасында өткізіліп келеді. Бұл іс-шараның мақсаты қыздарымызды ата-баба дәстүрлеріне назарын аудару және қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты дайындау шеберлігін жетілдіру болып табылады. Іс-шара үш кезеңді сайыс түрінде өтті. Онда университетіміздің ең өнерлі және белсенді 6 аруы бақ сынаған болатын. Сайыста әр қатысушымыз өзін  және өз өлкесінің бауырсақтарын таныстырды. Сайыс қорытындысы бойынша, Түркістан облысының тіл үйірер бауырсағын дайындап, әділ-қазыларды өзінің өнерімен тәнті еткен Макембаева Аружан бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының бауырсағын дайындаған Бастарбек Арайлым және Ақмола облысының өкілі Жолаушиева Жаннат иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 «Ақжүніс» қыздар клубының жетекшісі

Тулемисова Гульмира


0
2952

пікірлер

пікір қалдыру үшін.