Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Арманға қадам

Арманға қадам

15 Наурыз 2019

Саяхатты  қалай бастауды білгің келеді ме? Сенің саяхатыңа қандай ел қолайлы екенін білгің келеді ме? Бала кезден бергі әлемді шарлау туралы арманыңның орындалғанын қалайсың ба?

Міне осы және басқа да қызықтар туралы ақпанның 28-і күні  Қарағанды медицина университеті, KazMSA мүшелері өткізген тренингте айтылған болатын. Бұл тренинг әдеттегідей емес, өте қызықты "Логика қайда?" форматында "Эрудит"ойыны элементтерімен өткізілді. Ойынның алғашқы кезеңінде ойыншылар "Kahoot" арқылы әр түрлі сұрақтарға жауап берді.

Келесі кезеңде қатысушылар эмодзи арқылы жасырылған  мемлекеттерді тапты. Үшінші кезеңде әрбір  командадан бір қатысушы шығып, әр түрлі елдердің астаналарын тапқан болатын. Келесі соңғы кезең  саяхат маршрутының картасын жасау болды. Тренинг қатысушылары әр түрлі тәттілермен, сондай-ақ саяхатқа жолдамалармен марапатталды.

Альмира Темирхан


0
2541

пікірлер

пікір қалдыру үшін.