Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқу әдісінің маңызы

Оқу әдісінің маңызы

14 Наурыз 2019

Дамудың қазіргі кезеңінде академиялық ұтқырлық білім беруді әлемдік стандарттар бойынша жетілдіру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдірудің ең тиімді тәсілі болып табылады.

Осы бағдарлама бойынша 10 қаңтардан 10 наурызға дейін Орталық Қазақстан Академиясында Қазақстан тарихы және саяси-пәндер кафедрасының меңгерушісі К.А. Темиргалиев және кафедраның аға оқытушысы Н.Ф. Ломан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша дәріс оқыды.

Әлеуметтік-гуманитарлық блоктағы пәндер бойынша дәрістер оқыды, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ өткізілді. Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында белсенді оқыту әдісі қолданылды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып және ойын ойнап, оқу материалын игеру үрдісін жеңілдетіп, сыни ойлауды қалыптастыруға үлес қосатынын атап өтті.

Сабақтың соңында  «дөңгелек үстел» өткізіліп, әлеуметтік және гуманитарлық пәндерді оқыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар әр түрлі жоғарғы оқу орындарымен оқытушыларының арасында диалог болу керек деген пікір білдірді.

Сабақтар студенттердің өздерінің ұлттық кодекстерін және ұлттық сәйкестілігін, рухани жаңаруын, тәуелсіз сыни ойлауды және оны тәжірибе жүзеге асыру қабілетін түсінуге бағытталған. Осындай негізгі дүниетанымдық ұғымдарды әділдік, қадір-қасиет пен еркіндік ретінде игеру, сондай-ақ толеранттылық пен мәдениетаралық диалог құндылықтарын дамыту және нығайту болып табылады. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін шешу тұрғысынан студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық көзқарасын контексті қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.

Академиялық ұтқырлықты өту кезінде Орталық Қазақстан академиясының негізінде ғылым мен білім мәселелері бойынша Халықаралық конференция жұмысы өткізілді.

Осы кезеңде жинақталған тәжірибе, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарда жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан тарихы және саяси-пәндер

кафедрасының меңгерушісі  Қ.А.Темиргалиев

Қазақстан тарихы және саяси-пәндер

кафедрасының профессор ассисенті  Н.Ф.Ломан


0
2303

пікірлер

пікір қалдыру үшін.