Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚМУ» КеАҚ білім алушыларының клиникалық коммуникативтік дағдыларын дамыту

«ҚМУ» КеАҚ білім алушыларының клиникалық коммуникативтік дағдыларын дамыту

13 Наурыз 2019

2018-2019 ж. көктемгі семестрінде медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы 2019 жылы жұмыс жасай бастаған Пришахтинскідегіжаңартылған медициналық университет клиникасындағы  клиникалық базаны меңгере бастады.

Клиникада тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтарында алмасу тәртібінде «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» және «Терапия» бағыттарындағы ординатор-дәрігерлері кафедра қызметкерлерімен дайындалған жоо компоненті «Науқасбағдарланған күтім» пәні бойынша өзекті тәжірибелік дағдыларды меңгеріп жатыр. Бұл пән науқас мәселелерінің шешудің науқасбағдарланған амалдарын шешу, тиімді комплайенсті қалыптастыру, салауатты өмір салты, психоәлеуметтік оңалту сұрақтарын қарастырады.

Клиникада тәжірибелік сабақта дәрігер-ординаторлар әр түрлі ауруға шалдыққан науқастармен денсаулық мектебін өткізеді – гипертониялық аурулар, қант диабеті, гастрит, асқазанның ойық жаралы ауруы, остеохондроз және басқалар. 

2019 жылдың ақпан айында студенттер клиникада терапия бөлімдерінің барлық палаталарында қарт адамдарға арналған қытай гимнастикасын өткізді. Сонымен қатар, неврологиялық бұзылыстары бар науқастар да осы әдісті қолдана бастады.  

Науқастар бөлімнің қамқор, жас дәрігерлері – «ҚМУ» КеАҚ резиденттері мен студенттеріне медициналық мәдениетті жоғарылатып және емді бұлжытпай орындағандары үшін, өздерінің дерттері туралы көптеген ақпарат бергені үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Жас дәрігерлер – сондай керемет, бізбен мұқият сөйлеседі», «Бізге мұндай қамқорлық өте ұнады», «Клиникадағы жағдай керемет».

Осылайша, ЖОО-да денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов ұсынған «Медициналық сапа және әлеуметтілік – біздің басты бағдар» бағыты жүзеге асырылуда.

    Медициналық психология және  коммуникативтік дағдылар

меңгерушісі Л.Л.Мациевская  


0
2354

пікірлер

пікір қалдыру үшін.