Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Серіктестіктің алдағы жоспарын анықтадық

Серіктестіктің алдағы жоспарын анықтадық

06 Наурыз 2019

С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетіндегі №1 балалар аурулары кафедрасында ЖОО мұғалімдерінің академиялық алмасу бағдарламасы бойынша педагогикалық жемісті жұмыс жүргізілді.

Бағдарламада «Педиатрия» мамандығы бойынша 7 курс студенттеріне арналған проблемалық дәрістер оқылды, «Ауру баланы жүргізу», «0-5 жас аралығындағы балалардағы төтенше жағдайларды сұрыптау» тақырыбында оқу семинарлары өткізілді. Сонымен қатар, «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтар жүргізілді. ДДҰ, БАИЖ (ИВБДВ) бағдарламаларына сүйене отырып 0-5 жасқа дейінгі балалардағы қауіп белгілерін білуіне назар аударылды.

Оқу үрдісін жүргізу барысында инновациялық оқыту технологияларын қолдануымен тәжірибелік жаттығулар мен студенттердің білімін және дағдыларын бағалаудың заманауи әдістері көрсетілді.

«ҰМУ» №1 балалар аурулары кафедрасы мен ҚМУ №2 балалар аурулары кафедрасы арасындағы алдағы уақытта бірге жұмыс атқарулары жоспарланды.

ҚМУ №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тукбекова Бибигуль Толеубаевна, кафедра ассистенті Серикова Гульмира Бергентаевна.


0
2766

пікірлер

пікір қалдыру үшін.