Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан мәдениетінің көптілділігі

Қазақстан мәдениетінің көптілділігі

28 Ақпан 2019

Қарағанды медицина университетінің шет тілдер кафедрасы  " Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру " бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Рухани жаңғыру-жастардың ғылыми және қоғамдық санасын жаңғырту механизмі" атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Қатысушылармен  жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениеттің мәселелері, студенттердің тілдік дайындық жағдайы, сондай-ақ Қазақстанда білім беру мәселелері талқыланды. Бұл туралы студенттер Ғ. Берікбайдың, Ж. Оспанованың, И. Жұмагелдіқызының, Б. Кайыпканованың, Е. Ахметовтың, Asif Hussain баяндамаларында айтылды.

«Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» секциясы әлемдік өркениет контексінде еліміздің рухани мәдениетін дамыту мәселелері бойынша жұмыс істеді. Бұл туралы студенттер В. Краус, А. Меркутова, А. Нұржанұлы өздерінің баяндамаларында айтып өтті.

«Студенттердің тілдік дайындығының заманауи жағдайы» атты екінші секция жұмысы шеңберінде  студенттердің тілдік дайындығының жағдайы туралы қызу пікірталас орын алды. Студенттер Ә. Қамзина, С. Ноғай өз баяндамаларында, үштілді білім беру, үштілді тұлғаның бірегейлігі мәселелерін, сонымен қатар дәстүрлі билингвизм туралы мәселелерді қозғады. Сонымен қатар білім беру үрдісінің мәселелері талқыланды. А. Рахимбаеваның,И. Базылбекованың, Е. Тотминаның, Н. Савиннің баяндамалары қызықты болды.

Баяндамалардың жоғары деңгейі, сонымен қатар олардың табысты презентациялары студенттердің және кафедра оқытушыларының жүйелі түрде бірлескен жұмыстары куәландырады.


0
2541

пікірлер

пікір қалдыру үшін.