Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Логика мен дәйектілік үшін – кубок

Логика мен дәйектілік үшін – кубок

26 Ақпан 2019

Жыл сайын студенттер арасында өтетін «EREKSHE 2019» республикалық пікірталас турнирі Қарағанды медицина университетіне кезекті жеңісін әкелді. Қазақстанның 64 спикерінің ішінен ҚМУ-нің медицина мектебінің 6 курс студенті Маликайдар Айжан жеңімпаз атанды. Интерн – дәрігер таныстыру логикасы мен дәйектілікпен, сенімді дәлелдермен, түснікті мазмұнмен және шешендік қабілетімен ерекшеленді. Қарағанды медицина университетін Айжаннан басқа «Намыс» пікірталас клубының мүшелері таныстырды: Насырова Дана, Үркімбай Елнара, Кайрат Аида, Кенес Назерке, Әбдікерім Еркін, Мамыр Ерасыл, Оразымбет Несібелі, Есмахан Анеля және Қойшын Мөлдір.

Турнир Алматы халықаралық бизнес университетінде (UIB) мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Пікірталастар жастардың сыни ойлау, талдау және сөйлеу мәдениетін жақсы қалыптастырады.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2838

пікірлер

пікір қалдыру үшін.