Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз- чемпиондар!

Біз- чемпиондар!

25 Ақпан 2019

19-22 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында медициналық жоғарғы оқу орын орындарының арасында еңбек сіңірген спорт шебері, доцент Н.ХТелеуованы еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир өтті. Спорттық шараның ұйымдастырушысы Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті болды.  Университетің өкілдері жарыстың ашылу салтанатында ойыншылар мен жанкүйелерді жылы қарсы алды  және жастар арасында дене тәрбиесі мен спортты насихаттау қажетілігіне назар аударды. Турнирге Астана,Қарағанды,Алматы, Семей қалаларының университетерінің команадасы қатысты .

Турнир дөңгелек жүйеде өтті. Ойындар әділ күреспен өтті. Спортқа деген белесенділік турнирдің бүкіл кезеңінде азайған жоқ. Біздің университет пен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  арасындағы бірінші орынға тартыс болды. Қыздар тамаша физикалық  және техникалық дайындықтарын көрсетті  ал жанкүйерлер ойыншыларға сенім білдірді. Қатты және лайықты жекпе-жек нәтижесінде ҚМУ командасы: Гришанова Валерия, Амантаева Диана, Кирюшкина Анастасия, Қалымбет Мөлдір, Раушанова Толғанай, Кудрявцева Юлия, Имашева Дильнара, жаттықтырушы Райнгардт Е.А. жеңіске жеттік. Турнирдің иелері  БҚММУ үшінші  орынды алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок пен медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Қалымбет Мөлдір турнирдің үздік шабуылшысы деп танылды. Медицина университетерінің студентері арасында осындай  республикалық турнир алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылар спорттық іс-шараның дәстүрге айналатына сенім білдірді.

Физикалық денсаулық оратлығы


0
2783

пікірлер

пікір қалдыру үшін.