Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа мәртебеде

Жаңа мәртебеде

25 Ақпан 2019

Ұлт жоспарының 78 қадамы - Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамы  бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдар болып қайта құрылады.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы №646 қаулысына сәйкес қаңтар айының соңында ҚММУ мен ҚР ДСМ еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығын біріктіру және қайта құру жолымен "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

Құрылған қоғамды заңды тіркеу аяқталды, бағалы қағаздарды айналысқа шығару үшін таза активтерді (меншікті капиталды) бағалау орындалды. Акция берілгеннен кейін (олардың барлығы 100% мемлекетке тиесілі) ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне "Қарағанды медицина университеті"КЕАҚ жоғары басқарушы органы ретінде Директорлар кеңесі құрылады. Болашақта коммерциялық емес акционерлік қоғам университеттің жаңа стратегиялық бағыты мен даму жоспарын қабылдайды.

Заңды мәртебені өзгерту қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен басқа да өзгерістерге әкеп соғады. Қарағанды медицина университетінде одан әрі жоғары білікті дәрігерлік кадрларды даярлау жүзеге асырылатын болады, ал еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар саласындағы мамандар елдегі кәсіби ауруларға байланысты жағдайды жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұрынғы ЕГЖКАҰО командасы бұрынғы ғимаратта қалады (Мұстафин көшесі,15 мекен-жайы бойынша) және "МУК" КеАҚ қызметі шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби Денсаулық институтының қызметкерлері болып табылады. Сол жерде қоғамдық денсаулық мектебі және медициналық университеттің бас корпусында бұрын орналасқан санитарлық-гигиеналық зертхана орналасқан.

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті тұлға болып З. З. Бектұрғанов, Қоғамдық денсаулық сақтау институты басшысының м. а. – М. К. Телеуов тағайындалды.


0
3662

пікірлер

пікір қалдыру үшін.