Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қонақтарға әсер қалдырған экспонаттар

Қонақтарға әсер қалдырған экспонаттар

20 Ақпан 2019

«Стоматология» мамандығының 3, 4 курстарында оқитын Астана және Курск қалаларының (Ресей) медициналық жоғары оқу орындарынан академиялық ұтқырлық шеңберінде келген студенттер таяуда Қарағанды медицина университетінің мұражайына барды.

Мұражай меңгерушісі Сайфулина Наиля Фуадбековна қонақтарды университеттің тарихымен, алғашқы оқытушылардың фотосуреттерімен, ЖОО-ның қалыптасуы мен табысты дамуының тарихи фактілерін ашатын картиналармен, құжаттармен таныстырды. Институт негізін қалаушы, бірінші ректор Петр Моисеевич Поспеловтың қызметімен байланысты экспонаттар студенттердің қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, студенттердің  ғылым, білім және спорт саласындағы жетістіктері де айтыла кетті. Әлбетте, айтылмыш ақпарат қонақтарға пайдалы болды. Экскурсия барысында студенттер көргендерден алған әсерлерімен бөлісіп, музей журналына өздерінің жазбаша пікірлерін қалдырды.


0
2994

пікірлер

пікір қалдыру үшін.