Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үндістан зауыттарындағы оқу сапары

Үндістан зауыттарындағы оқу сапары

06 Ақпан 2019

2019 жылдың 11 мен 21 қаңтары аралығында Қарағанды Медицина университетінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Үндістан Республикасындағы фармацевтикалық зауыттарға оқу тәжірибесі ұйымдастырылды. 

Бізге дайын дәрілік үлгілердің әр түрлерімен мамандандырылған East African Remedies India overseas, Pure&Cure Healthcare Pvt. Ltd, Pontika Aerotech Ltd, HiGlance Laboratories Pvt.Ltd. сияқты зауыттардың фармацевтикалық өндірісі көрсетілді.

Тәжірибеден өту барысында біз фармацевтикалық өндіріс аппараты мен үрдісі, дайын дәрілік үлгілер технологиясы, дәрілік препараттарды орамдау мен бөлшектеу құрылғылары, сонымен қатар дәрілік заттардың сапасын бақылау мен халықаралық стандарт бойынша білімімізді жетілдірдік.

Біз үшін бұл оқу тәжірибесі ұмытылмас өмірлік тәжірибе болып саналады. Барлық студенттерге ұсынылатын орын санының аз болғандығына және критерийлердің жоғары болуына қарамастан өз күштерін сынап көруге  кеңес береміз. 

Қазіргі уақытта студенттердің Үндістан Республикасында оқу тәжірибесінен өтуіне, сонымен қатар дәрілік препараттар өндірісі аумағында білімін жетілдіруіне тамаша мүмкіндіктері бар. Ал бұл біздің студенттер үшін үлкен ынталандыру.

Зауыттар басшылығының, қызметкерлердің кәсібилігіне, құзыреттілігіне, оқу тәжірибесін жоғары деңгейде ұйымдастырғанына, шығармашылық көзқарастарына, бірлескен жұмысқа жауапты қарауына, кез келген сұраққа жауап беруге дайындығына, сонымен қатар сапалы нәтижеге қызығушылық танытқаны үшін ризашылық білдіреміз.

Біз «ҚМУ» КеАҚ басшылығына: ректор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына, проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына, халықаралық ынтымақтастық бөліміне Сапарова Мөлдірге, жетекші Динеш Кумар мен доктор Манодж Шармаға Үндістан Республикасына барып, қызықты тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс айтамыз. Сонымен қатар, бағдарламаны жақсы ұйымдастырғаны үшін доктор Раджат Брамхин мен доктор Даршан Кумарға алғысымыз шексіз.

Құрметпен, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері, магистранттары және докторанты.


0
2931

пікірлер

пікір қалдыру үшін.