Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үндістан Республикасы күні

Үндістан Республикасы күні

31 Қаңтар 2019

2019 жылдың 26 қаңтарында Үндістанда Республика күні атап өтілді. Өздерінің ұлттық мерекесіне орай Үндістанның орыс тілі кафедрасында оқитын студенттері мерекелік іс-шара дайындады.

  Бастапқыда Үндістанның әнұраны орындалды. Бұл біздің шетел студенттері Отандарының керемет әлеміне саяхаттың символикалық бастауы болды. Көрермендер викториналар мен мастер-кластарға қатысып отырды. Жүргізушілер – ЖМФ 4-012а топ студенттері Дипак Шарма мен Раджеш Кумар көрермендерге Үндістанның тарихы мен қазіргі өмірі туралы сұрақтар қойды.

  ЖМ факультетінің 1-002а топ студенттері Швета Сингх пен Самир Сингх үнді биімен залдың көрігін қыздырды. 1-001а топ студенттері Виас Крути, Кале Адити Раджеш, Рани Лави би тақырыбын жалғастырды. Олар үш дос тарихы туралы әсем би ұсынды. ЖМФ 4-013а топ студенттері Чоудхари Винид Кумар, Шарма Прадееп, Ранават Рагхвендра Сингх үнді халық әнін орындады.

Абхишек Гоял қазақ тілінде «Отан туралы» өлеңін оқып, қазақ және үнді халықтары достығын көрсете білді. Мерекелік іс-шара 1-011а топ студенті Шарма Акаштың орындауындағы «Жан досым» әнімен аяқталды. Оны бәрі қолдап, қосылып шырқады. Көрермендер мен қатысушылардың осы достық хоры мерекенің символикалық соңы болды. 


0
3305

пікірлер

пікір қалдыру үшін.