Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№3 ішкі аурулар кафедрасының Жаңа жылы

№3 ішкі аурулар кафедрасының Жаңа жылы

29 Желтоқсан 2018

Жаңа жыл қарсаңында ішкі аурулар кафедрасында жаңа жылдық шырша шеруі ұйымдастырылды. Қатысудың басты шарты: креативтілік, өзіндік ерекшелік, шығармашылық ізденіс. Конкурсқа 4, 6, 7  курс студенттері  11 мерекелік шыршамен  қатысты. Кафедра мүшелерінен құралған қазылар алқасы біздің студенттердің таланттарына таң қалды, басты сұлуды таңдау қиынға соқты. Студенттер шыршаларын әртүрлі заттардан: қағаздан, атлас ленталарынан, сатиннен, мақтадан, шприцтер және инфузияға арналған системадан, конфеттерден, макарондардан, мандариндерденжасады.

  Барлық қатысушылар 6 курс студенттері ұйымдастырған жаңа жылдық концертте дипломдармен марапатталды. Концертте дәстүрлі түрде ән шырқалынды, би биледі, ойындар ойнатылды.   Барлығымыз тамаша көңіл көтеріп, жағымды эмоция алдық. 

  Жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған өзіміздің студенттерімізге алғысымызды білдіреміз! Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен шын  жүректен құттықтаймыз!


0
2909

пікірлер

пікір қалдыру үшін.