Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіндегі ертегі

Балалар үйіндегі ертегі

28 Желтоқсан 2018

Жаңа жыл қарсаңында Жастармен жұмыс жасау бөлімі «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының қатысушыларымен бірлесіп «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 мектеп-интернаты» тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Денсаулық орталығының белсенділері «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты арнайы концерттік бағдарлама дайындады.

  Интернат тәрбиеленушілері біздің келгенімізге өте қуанышты болды. Мерекеге арнайы акт залдының қабырғаларын түрлі-түсті гирляндалармен, жарқыраған жылтырақтармен және жаңа жылдық суреттермен безендірді. Залдағы ең көрнекті орын мерекелік ханшайым - Жаңа жылдық шыршаға берілді.

  Денсаулық орталығының қатысушылары Аяз ата, Ақшақар және Мыстан кемпірмен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне керемет театр қойылымдарын көрсетті, ашық ойындар өткізді, дәмді және салауатты сыйлықтар сыйлады, сондай-ақ мерекелік фотосессия ұйымдастырды.

Іс-шараның соңында мектеп-интернаты әкімшілігінің өкілдері барлық балалардың атынан ҚММУ студенттеріне жарқын эмоциялар, жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді және қайтадан келуді сұрады.

Ондас Джумагалиев (4-040 ММ)

«Жұлдыз» ЖДО жетекшісі


0
2601

пікірлер

пікір қалдыру үшін.