Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тағы да «Стомалогия» !

Тағы да «Стомалогия» !

27 Желтоқсан 2018

Екінші рет «Стоматология» командасының ойыншылары ҚММУ чемпионатында өз жеңістерін атап өтті. (капитаны Жандарбек Каримов). Күзгі чемпионаттың жеңімпаздары бола отырып, команданың ойыншылары жеңіс дәмін татып, XVII чемпионатта чемпион атағымен қоштаспауға шешті.

Жаңа 2019 жылдың қарсаңында университет чемпионаты аяқталды. Қарашадан желтоқсанға дейін үздік студенттік командалар ҚММУ-дың ең мықты футбол командасының атағын дауласып алды. №6 (капитаны Тлеуов Аслан), №7(капитаны Ахмедов Максат) жатақхана командалары, сондай-ақ  «Военная кафедра» (капитаны Інкәрбек Бейбарыс), «Хирургия» (Халметов Бахром), «Педиатрия» (Асаинов Сакен), «ВОП» (Толегенов Акжол) және «Стоматология» командалары чемпионатқа қатысуға өтінім берді.

Алғашқы ойыннан бастап чемпионатта «Стоматология» және «ВОП» командалары арасында бәсекелестік болды. Бірінші турдың матчы 9: 9 есебімен ешбір жеңімпазсыз, мықты шайқаспен аяқталды. 

«Дерби» нәтижесі бойынша «вопшылардың» «алтынға» ықтималы жақсырақ болды, 

бірақ күтпеген жерден «Хирургиямен» соңғының алдындағы турда 8:8 сәтсіздігі «ВОПтың» жеңімпазға жету үмітін елес қылдырды.

Қатарынан екінші рет «Стоматология» командасы ҚММУ чемпионы атанды.

ҚММУ  XVII чемпионаты. Қорытынды кесте.

  командалар

ойын

жеңіс

тепе-тен

жеңіліс

доптар

ұпайлар

1.

Стоматология

  12

  11

  1

  0

  173 - 65

  34

2.

ЖТД

  12

  8

  1

  2

 141 - 101

  26

3.

Педиатрия

  12

  7

  0

  5

 124 – 109

  21

4.

Хирургия

  12

  6

  1

  4

 131 - 114

  21

4.

Военная кафедра

  12

  4

  1

  7

 146 - 143

  13

6.

6-жатақхана

  12

  3

  0

  9

 119 – 161

  9

7.

7-жатақхана

  12

   0

   0

   12

  93 - 185

   0

  Жүлделі орын алған барлық командалар естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің қорытындысы бойынша чемпионат құрамасының дәстүрлі нышаны анықталды:

  Үздік қақпашы: Шилов Алексей (Хирургия);

   Үздік қорғаушы: Халметов Бахром (Хирургия);

   Үздік ойыншы: Асаинов сакен (Педиатрия).

  Сонымен қатар, қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:

  «Ең пайдалы ойыншы» - Маратулу Бектур (Стоматология);

  «Техникасы үздік ойыншы»  -  Рахымбаев Әлібек (ЖТД);

  «Үздік жаңа ойыншы» - Оразбеқ Қайсар (7-Жатақхана ) мен Ахмедов Максат(7-Жатақхана ).

  Барлық дербес номинациялардың иегерлері де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

  Дене шынықтыру орталығы


0
3493

пікірлер

пікір қалдыру үшін.