Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ректормен кездесу

Ректормен кездесу

25 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 24 желтоқсанында, №3 жатақханада ҚММУ ректорының университет жатақханасыныңстуденттік белсенділерімен дәстүрлі кездесуі өтті.

  Кездесудің салтанатты бөлігі ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетованың құттықтау сөзімен басталды. Раушан Сұлтанқызы барлық қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, студенттерге 2019 жылда ҚММУ дамуының негізгі бағыттары туралы айта кетті. Құттықтау сөзінің соңында университет жатақханаларының студенттік белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.

  Қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің беделін нығайтуға қосқан үлестері үшін ҚММУ ректорының алғыс хаттарымен марапатталды: Ибраева Айнура (№1 жатақхананың СӨӨБК төрағасы), Демченко Анна (№2 жатақхананың СӨӨБК төрағасы), Сарсенова Аселхан (№3 жатақхананың СӨӨБК төрағасы), Заскалько Екатерина (№4 жатақхананың СӨӨБК төрағасы), Исмаилов Эйтибар (№6 жатақхананың СӨӨБК төрағасы) и Каримов Жандарбек (№7 жатақхананың СӨӨБК төрағасы). Сонымен қатар, жатақханадағы ең белсенді студенттерге алғыс айтылды.

  Салтанатты марапаттау рәсімі жатақханалардың шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3168

пікірлер

пікір қалдыру үшін.