Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абу али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

Абу али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

24 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 26 қарашасы мен 07 желтоқсаны аралығында клиникалық аллергология, иммунология және микробиология кафедрасының профессоры м.а. Л.Ш. Сексенова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетінің қалыпты физиология және патологиялық физиология, патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы, микробиология, вирусология және иммунология кафедраларында жұмыс атқарды.

Бұхара мемлекеттік медицина университеті Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетінің бұйрығымен 1990 жылы қазан айында құрылды. 1991 жылы Бұхара облысының Халық депутаттары Облыстық Кеңес Президиумының Қаулысымен Абу Али ибн Сино  (Авиценна) аты берілді. Қысқа мерзім аралығында Бұхара қаласының Медицина институты білім беру, мәдени және ғылыми бағытындағы Өзбекстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындары қатарына кірді. ЖОО-нда білім беру екі тілде: өзбек және орыс тілдерінде төрт факультетте (емдеу, педиатрия, стоматология және медициналық патология) жүргізіледі.  ЖОО-ның ұжымы мен ректоры, м.ғ.д., профессор Иноятов Амрилло Шодиевичтің қызметі дүниежүзілік тәжірибе мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, білім беру мен ғылыми зерттеудің сапасын арттыруға бағытталған.

Кафедралардың жоғары білікті професорлық-оқытушы құрамымен Л.Ш. Сексенова танысып, екі апта бойы жемісті қызмет атқарып келді. Сабақ пен дәріс жүргізу үшін доценттер И.Ш. Садикова (қалыпты физиология және патологиялық физиология), Г.Б. Жураева (патологиялық анатомия және сот-медициналық сараптама) және С.Ф.Сулейменов (микробиология, вирусология және иммунология) басшылғымен кафедралар ұжымы жақсы жағдай жасады.

Тақырыптық жоспарға сәйкес, «Емдеу ісі» мен «Педиатрия» мамандықтарының 2,3 курс студенттеріне «Иммунология» бөлімі бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізу барысында интерактивті оқыту әдістері (ИОӘ) және мультимедиялық құралдар белсенді қолданылды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университеті арасында өзара қарым-қатынас  жөнінде меморандум академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушыларға шетел әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 


0
3472

пікірлер

пікір қалдыру үшін.